Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 3 шілдеде ауа райы қандай болады

Ulysmedia
Pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 3 шілдедегі ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі мүмкін. Кей өңірлерде екпіні күшті жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Аптап ыстық біраз облыстарда сақталады. Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +23...+25°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.