Қазақстанда электр энергиясының тарифтері енді жаңа тәртіппен бекітіледі

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту тәртібі өзгерді. Енді жаңа тарифтер немесе оларға енгізілетін өзгерістер бекітілмес бұрын Экономиканы жаңғырту мәселелер жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

НЕ ӨЗГЕРДІ?

Тиісті өзгерістер 2026 жылғы 25 маусымда Энергетика министрінің бұйрығымен енгізілді. Құжат 13 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтерін енді бірден бекіте алмайды. Әуелі жеті жылдық кезеңге есептелген тарифтердің жобалары мен оларға енгізілетін өзгерістер Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады.

ТҮСІНДІРМЕ

Бұл өзгеріс жаңа тарифтерді енгізуге немесе олардың қымбаттауына қатысты емес. Өзгеріс тек тарифтерді бекіту рәсіміне қатысты.

Енді шекті тарифтердің жобалары түпкілікті шешім қабылданар алдында қосымша қараудан өтеді. Осыдан кейін ғана уәкілетті орган оларды белгіленген тәртіппен бекітеді.