Маңғыстау облысында нөсер жауыннан кейін бір ауылды су басты

Ulysmedia
әкімдік

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында нөсер жауыннан кейінгі салдарды жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Кейінгі мәліметтерге қарағанда, жаңбыр суы 85 тұрғын үйдің ауласына кірген.

Коммуналдық қызметтер осы уақытқа дейін 7 мың текше метрден астам жаңбыр суын сорып шығарды. Қазір оқиға орнында 25 арнайы техника мен 37 маман жұмыс істеп жатыр.

Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

ТҰРҒЫНДАР ҚАЙДА ХАБАРЛАСА АЛАДЫ?

Аудан әкімдігі тұрғындарды жаңа су басу жағдайлары немесе шұғыл көмек қажет болған жағдайда арнайы жедел желіге хабарласуға шақырды.

Алайда әлеуметтік желідегі пікірлерге қарағанда, ауыл тұрғындарының бәрі бірдей жедел желіге хабарласа алмаған. Олардың айтуынша, әкімдіктегі байланыс нөміріне қоңырау шалса да, ешкім жауап бермеген.