Euronews қазақ тілінде хабар тарата бастады

Ulysmedia
Ақорда

Қазақ тілі Euronews халықаралық медиажелісі хабар тарата бастаған Орталық Азия халықтарының алғашқы тілі болды. Бұл туралы медиажелі директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесінуде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының қазақ тіліндегі хабар таратуын іске қосуын құптап, мұны өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі деп атаған.

ТАҒЫ НЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ?

Кездесу барысында Қазақстанның Euronews арнасымен алдағы ынтымақтастығы сөз болды.

Президент Тоқаев 2024 жылы Астанада арнаның өңірлік кеңсесі ашылғаннан кейін Euronews Қазақстан мен жалпы Орталық Азияның саяси, экономикалық және мәдени өмірін жиірек көрсете бастағанын айтты.

Тараптар әлемдік аудиторияға Қазақстан мен Орталық Азия туралы ақпаратты кеңінен танытуға бағытталған бірлескен медиа жобаларды да талқылады.

Сонымен қатар Педро Варгас Давид Euronews сайты Қазақстан президентінің Брюссельге сапары алдында жариялаған Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің перспективалары туралы мақаласын еуропалық оқырмандар оң қабылдағанын атап өтті.