Қазақстанның екі облысында нөсер жауын салдарынан төтенше жағдай болуы мүмкін

Ulysmedia

Синоптиктер 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады. Ал шығыс және солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

Сондай-ақ Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында нөсер жауынға байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдай қаупі бар.

Астанада бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C болады.

Алматыда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 3-8 метр, екпіні 15 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C болады.

Шымкентте құбылмалы күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C болады.