Ұлытау облысында кәсіпкер тергеушіге пара бермек болған

Ulysmedia
Polisia.kz

Ұлытау облысында кәсіпорындардың бірінің директоры қылмыстық істі тергеп жатқан тергеушіге пара бермек болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Тергеу мәліметінше, кәсіпкер полиция қызметкеріне қылмыстық іс бойынша өзіне тиімді шешім қабылдауы үшін ақша ұсынған.

Алайда тергеуші бұл ұсыныс туралы бірден ішкі қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

Осыдан кейін құқық қорғау органдары жедел іс-шара ұйымдастырып, күдіктіні ақшаны беру кезінде қолға түсірді. Пара ретінде берілген ақша тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ТЕРГЕУ

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция істің өзге мән-жайларын Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияламады.

Сондай-ақ полиция өкілдері мәселені пара арқылы шешуге әрекеттенудің өзі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.