Еліміздің бір бөлігінде нөсер жауып, енді бір өңірде аптап ыстық болады

Ulysmedia
Pixabay.com

9 шілде күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, нөсер жаңбыр мен екпінді жел соғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы батыс пен оңтүстік-шығыста +33…+34°C, орталық пен солтүстік-батыста +32…+40°C, оңтүстікте +38…+45°C, ал шығыста +30…+38°C-қа дейін көтеріледі.

ҮШ МЕГАПОЛИСТЕГІ АУА РАЙЫ

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C болады.

Алматыда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 3-8 метр соғып, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +37...+39°C болады.