10 шілдеде елдің бірнеше өңірінде аптап ыстық 42 градусқа жетеді

Ulysmedia
Pixabay.com

Синоптиктер 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жұма, 10 шілдеде Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, екпіні күшті жел соғады.

Шығыс өңірлерде жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай сақталады.

Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы болжанып отыр.

Күндіз ауа температурасы:

  • батыс пен оңтүстік-шығыста +33…+42 °C;

  • солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта +32…+40 °C;

  • оңтүстікте +38…+45 °C;

  • шығыста +30…+38 °C дейін көтеріледі.