Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
14 шілдеден бастап еліміздің солтүстік өңірлерінде аптап ыстық біршама бәсеңдейді. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.
15-16 шілде күндері бірқатар өңірде өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Кей жерлерде нөсер жауып, бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Күндіз солтүстік аймақтарда ауа температурасы +25…+30 градусқа дейін төмендейді.
Ал еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ әрі ыстық ауа массаларының ықпалы сақталады. Бұл өңірлерде жауын-шашын жаумайды. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы +40…+45 градусқа, шығыста +33…+38 градусқа дейін көтеріледі.