Air Astana Дубайға рейстерді қайта жандандырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылайтынын және ұшу кестесін өзгертуі мүмкін екенін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар ететінін мәлімдеді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Астанадан Дубайға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жетпей, кері қайтқанын хабарлаған едік.
Кейінірек компания Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерді уақытша тоқтататты.