Қазақстандың солтүстігінде аптап ыстықтың беті қайтады

Ulysmedia
Pixabay.com

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде аптап ыстықтан кейін ауа температурасы аз уақытқа төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

СОЛТҮСТІКТЕ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ТӨМЕНДЕЙДІ

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ түсіп, екпіні күшті жел соғуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы +25…+30 градусқа дейін төмендейді.

ОҢТҮСТІКТЕ АПТАП ЫСТЫҚТЫҢ БЕТІ ҚАЙТПАЙДЫ

Ал еліміздің оңтүстігі мен шығысында ыстық әрі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл өңірлерге Өзбекстан аумағынан жылы ауа массалары келуін жалғастырып жатыр.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы кей жерлерде +40…+45 градусқа дейін көтерілсе, шығыста +33…+38 градусқа дейін жетеді.

Елдің қалған бөлігінде ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды.