Елдің қай өңірлерінде күн салқындап, қай жерде аптап ыстық күшейеді

Ulysmedia
Pixabay.com

16 шілде, бейсенбі күні Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жауын мен бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін.

Елдің батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, күндіз ауа температурасы +22…+35 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте +21…+36 градус болса, орталық пен шығыста +41 градусқа дейін жететін аптап ыстық сақталады.

Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыстың кей аудандарында Орта Азиядан келетін ыстық ауа массаларының ықпалы жалғасады. Бұл өңірлерде негізінен күн жауын-шашынсыз. Тек оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Күндіз кей жерлерде ауа температурасы +41…+46 градусқа дейін көтеріледі.

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола және Павлодар облыстарында жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Астанада, Қарағанды облысында, Қостанай облысының солтүстігінде және Ұлытау облысында бұлтты ауа райы сақталып, аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін.

Ұлытау, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 10–15 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал.