Алматыға АҚШ-тың жаңа бас консулы Питер Кауфман келді. Бұл туралы АҚШ дипломатиялық өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Питер Кауфман – мансап жолын дипломатияға арнаған америкалық дипломат. Әр жылдары АҚШ Мемлекеттік департаментінің орталық аппаратында қызмет атқарған. Қазақстанға тағайындалғанға дейін ол Беларусьтегі АҚШ дипломатиялық миссиясын уақытша сенімді өкілі ретінде басқарды. Бұл қызметті 2023 жылдың маусымынан 2025 жылдың шілдесіне дейін атқарған.
КІМДІ АЛМАСТЫРДЫ?
Питер Кауфман Алматыдағы АҚШ-тың бұрынғы бас консулы Мишель Еркиннің орнына келді. Ол бұл лауазымды 2023 жылдың тамызынан бастап атқарған.
Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы екі ел арасындағы ынтымақтастық, сауда, экономика, гуманитарлық бағдарламалар, денсаулық сақтау, экология бағыттарындағы мәселелермен айналысады. Сондай-ақ Қазақстандағы америкалық азаматтар мен бизнес өкілдеріне консулдық қызмет көрсетеді.