×
472.34
541.25
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.34
541.25
6.01

32 жыл бұрын зорлық көрдім деген Наташа Қалымбетова президенттен көмек сұрады

Бүгін, 13:02
32 жыл бұрын зорлық көрдім деген Наташа Қалымбетова президенттен көмек сұрады
ulysmedia коллажы

Осыдан 32 жыл бұрын ауылындағы төрт жігіт зорлады деп мәлімдеген Наташа Қалымбетова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Наташа Қалымбетованың сөзінше, төрт ай бұрын әлеуметтік желіде басынан өткен оқиға жайлы мәлімдеме жасағаннан кейін, полиция іс қозғаған. Қазақстанға келіп, оқиға болған ауылға барып, полицияға жауап та берген. Алайда іс тіркелгенімен, әлі күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ.

– Қазір іс бір орнынан жылжымай тұр. Себебі куә жоқ, дәлел жоқ. Жалғыз дәлел – менің қызым. Мен аясыз зорлаған адамдардан туған қызым. Болжам бойынша, қызым аман-есен, Америкада тұрып жатыр, – деді Наташа Қалымбетова Instagram желісінде жариялаған видеоүндеуінде.

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан ісін жеке бақылауына алуды сұрап отыр.

– Мен осы арқылы Қазақстанда күн сайын болып жатқан зорлық-зомбылықты тоқтатқым келеді. Иә, менің оқиғам 32 жыл бұрын болған. Мен бұл ауыр жарамен өмір сүріп келемін, – деді ол.

Контекст

Наташаны 17 жасында ауылындағы төрт жігіт зорлап, Жайық өзенінің жағасына тастап кеткен. Бұл жөнінде ол биыл наурызда Tik Tok желісінде айтқан. Видео ролик қоғамдық резонанс тудырып, қаралым саны 2 миллионнан асқан. Осыдан кейін Батыс Қазақстан облыстық полициясы 30 жыл бұрынғы зорлау фактісі бойынша іс қозғаған.

Қозғалған іске байланысты Наташа Қалымбетова жақында Тайландтан Орал қаласына келген. Полициямен бірге оқиға болған ауылға барып, түсініктеме берген.

2 маусымда “НеМолчи.kz” қорының ұйымдастыруымен Zoom желісі арқылы өткен баспасөз мәслихатында ол 30 жыл бұрын болған тағы бір оқиғамен бөлісті. Оның сөзінше, сол уақытта зорлаған төрт жігіттің бірінен аяғы ауыр болып қалған. Бірақ перзентханада баладан бас тартуға мәжбүр болған. Себебі отбасы мен оқу орны тарапынан қысым болған.

Оқи отырыңыз: Зорлық, жоғалған бала және 30 жылдан кейін қозғалған іс: Наташа Қалымбетованың жан жарасы