Қазақстанда демалыс күндері аптап ыстық басыла ма

Ulysmedia
ЖИ/Ulysmedia

"Қазгидромет" 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталса, елдің батысы, солтүстігі және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН БОЛЖАМ

Синоптиктердің айтуынша, солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғып, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ең мол жауын-шашын:

  • 18-20 шілдеде – Қостанай облысында;

  • 19-20 шілдеде – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында;

  • 20 шілдеде – Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында түседі.

Ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және 18 шілдеде орталық өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

АПТАП ЫСТЫҚ БАСЫЛМАЙДЫ

Жаңбыр жауатынына қарамастан, елдің шығысы мен орталығында күн қатты ысып, ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріледі.

Орталық және шығыс өңірлердің оңтүстігінде ауа температурасы +42 градусқа, оңтүстік-батыста +44 градусқа, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48 градусқа дейін жетеді.

Ал солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбырдан кейін күн салқындап, күндіз ауа температурасы +21…+29 градус шамасында болады.