Синоптиктер 19 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылатынын ескертті. Ел аумағында найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл соғып, кей жерлерде ауа температурасы +48 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2026 жылғы 19 шілде, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс пен солтүстікте күндіз қатты жаңбыр жауса, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз 12 өңірде аптап ыстық сақталады.
Ыстық (+35...+44°С):
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында, Алматы облысының шығысында және Жетісу облысының таулы аудандарында ауа температурасы +35...+39°С болады.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында +38...+42°С ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында сынап бағаны +40...+44°С дейін көтеріледі.
Аптап ыстық (+40...+48°С):
Жамбыл облысында +43...+45°С,
Түркістан облысында +45...+48°С,
Алматы және Жетісу облыстарында +40...+45°С,
Ұлытау облысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде +40...+42°С аптап ыстық болады.