Құрылтай сайлауы: ОСК шетелдік 100-ге жуық байқаушыны аккредиттеді

Ulysmedia
ЖИ/Ulysmedia

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға 86 халықаралық байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА БАЙҚАУШЫЛАР

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман комиссияның кейінгі отырысында тағы 10 байқаушыға аккредиттеу берілгенін айтты. Олар – Пәкістан, Индонезия, Малайзия және Өзбекстан елдерінің өкілдері.

Осылайша, аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 86 адамға жетті.

ТАҒЫ КІМДЕР БАҚЫЛАЙДЫ?

Бұған дейін ОСК бірқатар халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеген еді. Олардың қатарында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ), ТМД байқаушылар миссиясы, ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының өкілдері бар.

Сонымен қатар Грузия, Иран, Швеция, Қырғызстан, Палестина, Венесуэла, Венгрия және басқа да бірқатар мемлекеттердің өкілдері аккредиттеуден өтті.

ОСК мәліметінше, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 17 тамызға дейін жалғасады. Осы мерзімге дейін жаңа миссиялар мен шетел мемлекеттерінің өкілдері келеді деп жоспарланып отыр.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін белгілеген еді.

Құрылтай Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы парламент болады.