Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты сол өңірдің полиция департаментінің бұрынғы бастығына қатысты екі істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот полиция департаменті бюджет қаражатын жоспарлау кезінде қызметтік жануарларға жем сатып алу кезінде табиғи нормаларды асыра көрсетуден көрінетін заңнаманың бұзғанылғанын анықтаған.
«2021 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 60 872 100 теңге қаражат бөлінді. Алайда, полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 10 693 000 теңгеге жем беру нормасын асыра жоспарлаған. 2022 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 13 394 000 теңге қаражат бөлінді. Алайда полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 8 503 400 теңгеге жем беру нормасын асыра жоспарлаған. Тиімсіз жоспарлау бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соқты», - делінген сот хабарламасында.
Полиция басқармасының бұрынғы бастығының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, тексеру актісімен, тексеру комиссиясының материалдарымен, айғақтармен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденген.
«Сот әрбір іс бойынша 214 410 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ сот «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде іс жүргізу нормаларын бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, Нұрлан Мәсімов – Кәрім Мәсімовтің немере інісі. К.Мәсімов ҰҚК-ні басқарып тұрған кезде Н.Мәсімов Алматы облыстық полиция департаментінде, ІІМ-де, жауапты қызметтер ақтарды. Соңғы лауазымы – Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы. Ағасы К.Мәсімов былтыр 6 қаңтарда тұтқындалды, ал Н.Мәсімов 17 қаңтарда қызметінен кеткен болатын. Қашып жүріп, бірнеше айдан кейін ұсталған.