Англияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба жарылды

Ulysmedia

Англияның Грейт-Ярмут қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Күшті жарылыс ондаған шақырымға дейін естілген. Саперлар бомбаны залалсыздандыруға әрекеттенген.

«Құрылғы оны залалсыздандыру жұмысы басталғаннан кейін көп ұзамай жарылған. Бақытымызға орай, барлық қызметкерлер аман. Агенттіктер келтірілген шығынды бағалауға кірісті», - деді журналистерге Норфолк полициясы бастығының көмекшісі Ник Дэвисон.

Жарылыс саперлардың жоспарына қайшы болғанымен, қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.