×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Астанада Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары ұсталды

Бүгін, 14:00
Астанада Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары ұсталды
Астана полиция департаменті

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір аптаға жуық уақыт бойы полиция полковнигінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Таратылған мәліметтерде Әлия Мақаева заңсыз көші-қон ұйымдастыру ісі бойынша күдікке ілінгені айтылған.

ҰҚК РАСТАДЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

– Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген ҰҚК 2026 жылғы 3 тамыздағы ресми хабарламасында.