Трамп Ормуз бұғазы ашылатынын мәлімдеді

Ulysmedia

АҚШ пен Иран Ормуз бұғазын 4 тамызға қарай толық ашу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Біз бұғазды ертең, яғни 4 тамызда ашу мәселесін талқылап жатырмыз. Толық ашылуы туралы, – деді Трамп.

Оның айтуынша, бұғаздың ашылуы келіссөздердің алғашқы кезеңі болмақ. Одан кейін тараптар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді талқылауға көшеді.

АҚШ президенті сондай-ақ Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алуына жол бермейтінін айтты.

– Кімде-кім ақы алатын болса, ол біз боламыз. Жағдайды толық бақылауда ұстап отырған да – біз, – деп түсіндірді Ақ үй басшысы.

Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы бітім кезінде қысқа уақытқа жанданған болатын. Алайда қазір стратегиялық теңіз дәлізі арқылы қатынас қайтадан тоқтатылды.