Тараз тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирден кейін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция мәліметінше, ер адам көпшілік алдында балағат сөз айтып, әдепсіз әрекет көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жайы
Тікелей эфир полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Олар тексеру жүргізіп, «Тау адам» деп аталатын аккаунттың кімге тиесілі екенін анықтады.
Парақшаның иесі Тараз тұрғыны Абзал Салихов болып шыққан.
Сот қамауға алды
Іс материалдары сотқа жолданды. Сот ер адамды кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Контекст
Қазір құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде балағат сөз айтып, қорлайтын пікір білдірген блогерлерді жіті бақылап, жауапқа тартып жүр.
Мәселен, бұған дейін Астана тұрғынына желіде былапыт сөздер қолданғаны үшін айыппұл салынған.