×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

ҚМА өзбекстандық блогер Махмуд Хикматовты іздестіріп жатыр

Бүгін, 09:38
ҚМА өзбекстандық блогер Махмуд Хикматовты іздестіріп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан азаматы, «Маха.dxb» атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінген. Сот күдіктіні қамауға санкция берген.

Агенттік мәліметінше, Қазақстанда интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын жүйе құрылған. Оның аясында онлайн-казино интерфейстері ұсынылып, эквайринг, мобильді төлемдер және криптовалюта арқылы ақша қабылдау мен төлеу жолға қойылған. Сонымен қатар қазақстандықтарды құмар ойындарға тарту үшін жарнамалық материалдар таратылған.

Тергеу барысында интернет-казиноларды жарнамалауға блогер Махмуд Хикматовтың тартылғаны анықталған. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдарды жариялату тапсырылған.

Хикматов блогерлерден әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын, соның ішінде жазылушыларының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ жарияланымдардың қамту аудиториясы туралы ақпаратты жинаған. Жарнама құны осы көрсеткіштерге қарай белгіленген.

Агенттік мәліметінше, ол осылайша 35-тен астам блогерді, оның ішінде Қайсар Қамза есімді блогерді тартқан.

Аудиториясы кең Қайсар Қамза интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға тартқан. Ол әрбір пайдаланушының сілтеме арқылы өтуі үшін сыйақы алып отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеудегі Махмуд Хикматовтың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды кезекші бөлімге хабарласуға шақырады: +7 7172 70 84 78.

Агенттік ақпарат берген азаматқа сыйақы төленетініне және оның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік береді.

Бұған дейін

Айта кетейік, Қайсар Қамза биыл 6 тамызда Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған.