Бүгін елімізде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Ulysmedia
24.kg

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сейсенбі, 11 тамызда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ түсіп, екпіні күшті жел соғуы мүмкін.

Елдің солтүстік өңірлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Орталық және оңтүстік Қазақстанда ғана жауын-шашынсыз.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы батыс пен орталықта +27…+39 °С, солтүстік-батыс пен солтүстікте +25…+35 °С, шығыс пен оңтүстік-шығыста +30…+42 °С, оңтүстікте +37…+44 °С болады.