Өзбекстан азаматтарының қаза табуына байланысты Ресейге арнайы топ жіберді

Ulysmedia
xs.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нижнекамск қаласында дрон шабуылынан қаза тапқан сегіз өзбекстандықтың өліміне қатысты мән-жайды анықтау үшін Ресейге арнайы делегация жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Делегация құрамына зардап шеккендерге қолдау көрсету және қажетті ақпарат жинау үшін Төтенше жағдайлар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, қаза тапқан азаматтар құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Тағы бірнеше өзбекстандық түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен вице-премьер Ачилбай Раматовтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына бірқатар министрлік пен мемлекеттік органның басшылары кірді.

Бұған дейін

Еске салайық, 10 тамызда Нижнекамск қаласына жасалған дрон шабуылы салдарынан 13 адам қаза тапқан. Олардың тоғызы – шетел азаматтары. Тағы 75 адам медициналық көмекке жүгінген.