Алматыда автобус әйелді қағып өлтірді

Ulysmedia
Известия / Дмитрий Коротаев

Алматыда автобус қағып кеткен 30 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Оқиғаның мән-жайы

Жол-көлік оқиғасы 12 тамыз күні сағат 12:20 шамасында Бостандық ауданындағы Мұстафин көшесінде болған.

Полиция не дейді?

— Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобустың жүргізушісі Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көшені шығыс бағытта кесіп өткен 1996 жылы туған әйелді қағып кеткен, — деп хабарлады полиция департаменті.

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша Алматы полиция департаментінің Анықтау басқармасы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.