Елена Рыбакина алғаш рет Торонто турнирінің финалына шықты

Ulysmedia
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыста дәл осы нөмірмен екінші болып саналған Рыбакина жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Тартысты матч үш сетке созылып, Рыбакинаның 5:7, 6:2, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 2 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бір қосарланған қателік жіберді. Сондай-ақ 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Финалдағы қарсыласы кім?

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі. Ол жартылай финалдың екінші матчында украиналық Элина Свитолинаны (WTA рейтингінде 9-орын) жеңді.