Қажылыққа апарамыз деп 60 млн теңге жинаған екі адам сотталды

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Астанада Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастырамыз деп азаматтарды алдаған екі адам сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

Қаланың екі тұрғыны алдын ала сөз байласып, Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылыққа апару туралы жарнама жариялаған. Олардың уәдесіне сенген 37 азамат жалпы 60 млн теңге қаржысын тапсырған.

Алайда күдіктілер алған міндеттемелерін орындамай, азаматтардан жиналған ақшаны өз қажеттеріне жұмсаған.

Cот үкімі

Сот үкімімен екі сотталушының әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.