Кешегі тұрақты жағдайдан кейін доллар қайтадан айтарлықтай арзандады. 14 тамыздағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағамы 463,97 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Теңге нығайып келеді
Бір күн ішінде доллар 1,07 теңге арзандады. Алдыңғы күні оның бағамы айтарлықтай өзгермей, 465,04 теңге деңгейінде тоқтаған еді.
Еуро да бүгін арзандап, 535,71 теңгеге түсті. Рубль тағы 0,82% төмендеп, 5,5032 теңге болды.
Доллар тамыз бойы арзандап келеді
Айта кетейік, доллар тамыз айының басынан бері біртіндеп арзандап келеді. 3 тамызда АҚШ валютасының бағамы 475,23 теңге болған. Содан бері доллар 11,26 теңгеге төмендеді.