Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Синоптиктер еліміздегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

18 тамыз, сейсенбіде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38 °C-қа дейін көтеріліп, кей жерлерде +41 °C-қа жетеді.

Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы +17...+22 °C-қа дейін төмендейді. Елдің орталық және шығыс өңірлерінде күндіз аптап ыстық басылып, ауа температурасы +18...+30 °C шамасында болады.

Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +30...+37 °C, ал оңтүстік-шығыста +28...+35 °C аралығында.