Елдің басым бөлігінде 19 тамызда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Ulysmedia
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

19 тамыз, сәрсенбі күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Жауын-шашын тек елдің оңтүстігінде болмайды.

Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Елдің солтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында күндіз ауа температурасы +30…+38 °C-қа дейін көтеріледі. Солтүстік облыстарда күн айтарлықтай салқындап, күндіз ауа температурасы +17…+22 °C болады.

Орталық және шығыс өңірлерде күндізгі температура +18…+30 °C аралығында болады. Елдің оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталып, күндіз +30…+37 °C-қа дейін жетеді.

Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +28…+35 °C шамасында болады.