Кеше ғана қымбаттаған доллардың өсімі ұзаққа созылмады. Бүгін АҚШ валютасы күрт арзандап, 460 теңгеден төмен түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
20 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 457,34 теңге болды. Бір күнде АҚШ валютасы бірден 4,71 теңге арзандады. Ал кеше доллар 462,05 теңге болған.
Еуро да арзандап, 534,28 теңге болды. Ал рубль, керісінше, шамамен 1 пайыз қымбаттап, 5,4766 теңгеге жетті.
Контекст
Тамыз айының басынан бері доллар айтарлықтай арзандаған. 3 тамызда АҚШ валютасының бағамы 475,23 теңге болған. Содан бері доллар 17,89 теңге төмендеді.