Қызылорда облысында жол апатынан үш өзбекстандық қаза тапты

Ulysmedia
Видео кадры

Қызылорда облысында жол апатынан Өзбекстанның үш азаматы қаза тапты. Nexia-2 жеңіл көлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жол апаты 22 тамызда таңғы сағат 7 шамасында Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент тасжолының 1831–1836-шақырым аралығында, Бірқазан ауылының маңында болған.

Nexia-2 көлігінде отырған Өзбекстанның үш азаматы да оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқандардың денесі елге жеткізіледі

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өзге де ведомстволармен бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрды.

Қазір қаза болғандардың денесін Өзбекстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Сондай-ақ, олардың отбасыларына қажет көмек көрсетілетіні айтылды.

Өзбекстан тарапының өкілдері қазақстандық әріптестерімен байланыста болып, жол апатының мән-жайын анықтау жұмыстарына қатысып жатыр.