Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жаңа клубының сапында қай нөмірде ойнайтынын таңдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
18 жастағы футболшы Англияның «Бернли» клубында 12-нөмірде өнер көрсетеді.
Сәтпаев «Бернлиге» лондондық «Челсиден» жалға берілді. Қазақстандық ойыншы клуб сапында 2026/2027 маусымын өткізеді.
Келісім 2027 жылдың жазына дейін жасалған және ойыншыны сатып алу құқығын қарастырмайды. Дегенмен қысқы трансферлік кезеңде «Челси» футболшыны мерзімінен бұрын кері қайтара алады.
Биыл «Бернли» Чемпионшипте өнер көрсетіп жүр.
Сәтпаев бұған дейін жалға беруді ағылшын футболына бейімделіп, көбірек ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік деп санайтынын айтқан.
Қазақстандық футболшының «Челсимен» келісімшарты 2033 жылға дейін жарамды.
Жалға кетер алдында Сәтпаев лондондық командамен бірге маусым алдындағы дайындықтан өтіп, Аустралия мен Азиядағы турнеге қатысты.