Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін сайлау науқанының қалай өткені және партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Президент сайлау науқанына оң баға беріп, әсіресе сайлауалды пікірсайыстарға тоқталды.
– Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз пікірталастарды зор ықыласпен тамашалады, – деді Тоқаев.
Президенттің пікірінше, өткен сайлау науқаны елдегі жаңғыру үдерісінің тағы бір маңызды кезеңі болды.
– Бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі әрі қарышты қадам болды деп айта аламын, – деді Мемлекет басшысы.
Құрылтай сайлауы
23 тамызда Қазақстан жаңа бірпалаталы Парламенттің депутаттарын сайлап жатыр.
Дауыс берушілер тізіміне 12 605 788 адам енгізілген. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Ulysmedia.kz сайлау барысын күні бойы бақылап отыр.