Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Англияның «Бернли» клубы сапында алғашқы ойынын өткізді. Оның командасы Чемпионшиптің екінші турында сырт алаңда «Вест Бромвичке» есе жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Хоуторнс» стадионында өткен кездесу алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
«Бернли» есепті сегізінші минутта ашты. «Вест Бромвич» жартылай қорғаушысы Каллум Стайлз өз қақпасына гол соғып алды.
Алайда он минуттан кейін Харри Уитвелл таразы басын теңестірді.
Үзілістен кейін алаң иелері тағы екі рет мергендік танытты. Айзек Прайс 47 және 65-минуттарда екі гол соғып, дубль жасады. Солтүстік ирландиялық шабуылшы голдарының бірін пенальтиден соқты.
Сәтбаевтың дебюті
18 жастағы Дастан Сәтбаев 57-минутта алаңға шықты.
Қазақстандық футболшы «Бернлиде» Лондонның «Челси» клубынан жалға алу шартымен өнер көрсетіп жүр.
Бұл «Бернлидің» Чемпионшиптің жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісі болды. Бірінші турда команда «Вест Хэммен» 2:2 есебімен тең түскен.
Екі ойыннан кейін «Бернли» бір ұпай жинап, турнир кестесінде 18-орында тұр.
Ал «Вест Бромвич» қатарынан екінші жеңісіне жетіп, алты ұпаймен екінші орынға көтерілді. Команда қосымша көрсеткіштер бойынша «Миллуоллдан» кейін тұр.