Елдің солтүстігі мен шығысында күн райы бұзылады

Ulysmedia
pixabay

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

25 тамыз, сейсенбі күні циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігі жоғары қысым аймағының ықпалында болады. Сондықтан бұл өңірлерде жауын-шашын негізінен жаумай, күн райы көбіне құрғақ болады.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауғанымен, ауа температурасы тамыз айының соңындағы әдеттегі көрсеткіштерден жоғары болады. Солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+32 °C, орталық және оңтүстік өңірлерде +25…+35 °C аралығында болады. Шығыста ауа температурасы +20…+31 °C-қа дейін көтеріледі.