«Қазгидромет» синоптиктері 29 тамызда Қазақстанның үш өңірінің тұрғындарына ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
«Қазгидромет» мәліметінше, Алматы және Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
Ауа райы болжамы
29 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, қатты жел және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында жауын-шашын мол түседі.
Елдің солтүстігі мен орталығында күн айтарлықтай суытады. Түнде ауа температурасы 0-+5 °C-қа дейін төмендеп, кей жерлерде -3 °C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10+15 °C шамасында болады.
Ал батыс өңірлерде жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы +30 °C-қа дейін көтерілсе, оңтүстікте +35 °C-қа дейін жетеді.