БАӘ-де қаза болған апалы-сіңлі қазақ қыздарының денесі елге жеткізілді

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған Қазақстан азаматтары Ақжан және Жұлдыз Боханованың денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қазір олардың қаза болу жағдайына қатысты Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

– Қазақстандық дипломаттар БАӘ прокуратурасы және басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіп жатыр, – делінген хабарламада..

ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Контекст

 

Ақжан мен Жұлдыз Боханова – апалы-сіңлілі. Олар БАӘ-нің Шарджа қаласына жұмыс істеу үшін барған. Туыстары мен таныстарының айтуынша, қыздар шамамен бір апта бойы байланысқа шықпағаннан кейін оларды іздеу басталған.

Қазір апалы-сіңлілі қыздардың қаза болу мән-жайын БАӘ-нің құқық қорғау органдары анықтап жатыр.