Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирінің финалына шықты

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақтың финалына шықты.

Отандасымыз жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Элбакиевтен басым түсті. Осылайша қазақстандық дзюдошы ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен күреседі.

Ал Бақытжан Абдурахманов (73 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.