Түркияда зілзаладан қирап қалған бүтін бір қала сүрілетін болды

Ulysmedia

Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толықтай сүрілетін болды. Бұл туралы Haber Global телеарнасына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін провинцияның губернаторы Осман Билгин осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді

Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Газиантептің Нұрдағы қаласы толықтай сүріліп, ғимараттар қайтадан салынады.

Бүгін - зілзаладан кейінгі сегізінші күн. Қазір мұнда үйінді мен қоқысты жинастыру және іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.

“Біздің бүкіл жедел топтар бірге жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысы өз үлесін аянбай қосып келеді. Нұрдағы қаласындағы соңғы 8 пәтерде жұмыс жалғасып жатыр. Біз көп адамнан айырылып қалдық. Дегенмен бұл апатқа да шамамыз келгенше қарсы тұрамыз”, - деді губернатор бүгін.