Қазақстандық блогер Дәмеля Sweet тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр. Желіде оның құда түсуі мен қыз ұзату рәсімінен түсірілген суреттер тарап, қолданушылар блогердің жеке өмірін қызу талқылай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның таңдауы кімге түсті?
Жарияланған кадрлардан Дәмеляның дәстүрлі үйлену алдындағы рәсімдерден өткені көрінеді.
Әлеуметтік желілерде оның болашақ жарының есімі Мұрат екені жазылған. Ондағы ақпаратқа қарағанда, ол шетелде білім алған және кәсіпкердің ұлы болуы мүмкін.
Кейінгі уақытта Дәмеля жеке өмірін көпшілікке көрсетпей жүрген. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, блог жүргізудің бұрынғы форматын не себепті тоқтатқанын түсіндірмеген.
Дәмеля Sweet кім?
Дәмеля Sweet – қазақстандық блогер, кәсіпкер, актриса әрі әнші. Ол 2000 жылы дүниеге келген, Шымкенттің тумасы.
Оның әкесі Нұрлы Бектұрсынов бұған дейін «Қазақтелекомда» басшылық қызмет атқарып, Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры болған.
Дәмеля lifestyle-контенті, сәнді образдары, саяхаттары және қазақ мәдениетінің элементтері бар жарияланымдары арқылы көпшілікке танылды.
Сонымен қатар, ол бұған дейін танымал блогер Айжан Байзақованың інісімен қарым-қатынаста болған.