Қазақстандықтарды 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы хабарландыру алаңдатты. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жарияланымның астарында жаңа туған сәбиді сату әрекеті болуы мүмкін деп күдіктенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Хабарландыру тарағаннан кейін Алматы полициясы тексеру жүргізіп, оның авторын анықтады. Полиция департаментінің мәліметінше, хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам орналастырған.
Құқық қорғау органдары хабарландыру авторының адам саудасына қатысы бар-жоғын тексерген. Алайда мұны растайтын ешқандай дерек анықталмаған.
Полиция бала сатылуы мүмкін деген ақпараттың расталмағанын мәлімдеді.