Боран, көктайғақ: Бірнеше өңір тұрғындарына ескерту жасалды

Ulysmedia

Қазгидромет 14 ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында – ауа райы жауын-шашынсыз.

Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.