1 қыркүйекте ауа температурасы -3 градустан +30 градусқа дейін болады

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

1 қыркүйек, сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталық аудандарында солтүстік циклонның ойысы мен атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Алматы облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін..

Еліміздің қалған аумағы кең ауқымды солтүстік антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен ауа райы негізінен құрғақ әрі бұлтсыз болады.

Қазақстанның солтүстігінде түнде кей жерлерде үсік жүруі мүмкін. Солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстанда түнде ауа температурасы +10…+18 °C, күндіз +25…+30 °C болады.

Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 °C аралығында болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10…+28 °C-қа дейін көтеріледі.

Орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+5 °C, ал осы өңірлердің оңтүстігінде шамамен +10 °C болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +12…+25 °C-қа дейін көтеріледі.

Қазақстанның оңтүстігінде түнде ауа температурасы +13…+18 °C, таулы аймақтарда +5…+10 °C болады. Күндіз +20…+25 °C, таулы аудандарда +10…+15 °C күтіледі.