Елімізде жалақы ең жоғары өңір қайсы

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы 2026 жылдың екінші тоқсанындағы орташа және медианалық жалақы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сәуір-маусым айларында еліміздегі орташа айлық атаулы жалақы 486 388 теңге болды. Бұл көрсеткіш алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5,4% өскен. Деректер шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды есепке алмағанда көрсетілген.

Өңірлердегі жалақы

Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында тіркелді — 673 656 теңге.

Екінші орында Астана — 647 920 теңге, ал үшінші орында Атырау облысы — 631 555 теңге.

Алматыда орташа жалақы 610 371 теңге болса, Шымкентте — 377 710 теңге.

Ең төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысында — 363 123 теңге, Түркістан облысында — 370 964 теңге, Жамбыл облысында — 375 456 теңге және Жетісу облысында — 377 798 теңге болды.

Медианалық жалақы қанша?

Медианалық жалақы, яғни жұмысшыларды табыс деңгейі бойынша тең екі топқа бөлетін көрсеткіш, екінші тоқсанда 348 415 теңге болды.

Салыстыру үшін, 2025 жылдың төртінші тоқсанында орташа жалақы 473 158 теңге, ал медианалық жалақы 339 912 теңге болған.