Құжат Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кім салады?
Келісімшартқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатомның» еншілес кәсіпорны – «Атомстройэкспорт» АҚ қол қойды. Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев қатысты.
Осылайша, жоба келіссөз кезеңінен нақты іске асыру кезеңіне өтті. Бұған дейін, 2026 жылғы 28 мамырда, тараптар үкіметаралық келісімге қол қойған еді. Енді жоба Қазақстан үкіметімен қосымша келісуді қажет етеді.
Қазақстанға АЭС не үшін қажет?
Экономика мен өнеркәсіптің өсуі, цифрландыру және жасанды интеллектінің дамуы электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр. Атом электр станциясы алдағы ондаған жыл бойы тұрақты базалық генерацияны қамтамасыз етеді.
Қазақстан бизнесі не алады?
Жобаға қазақстандық кәсіпорындар мен мамандарды барынша тартуға ерекше мән берілмек.
Жобаға қатысқысы келетін компаниялар арнайы жеткізушілер тізіліміне еніп, сапа, қаржылық тұрақтылық және сертификаттау бойынша қатаң талаптарға сай болуы керек.
Бұған дейін алғашқы АЭС құрылысына шамамен 11 жыл кететіні және жоба 2035-2036 жылдары аяқталуы мүмкін екені хабарланған. Құрылыс кезінде 15 мыңға дейін жұмыс орны ашу жоспарланып отыр.
Станцияда ВВЭР-1200 реакторлары қолданылмақ.