Ел құрамасы көшпенділер ойындарында Ресейді 14:1 есебімен ойсырата жеңді

Сырым Қаржас
inbusiness.kz

Көкпардан ел құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы кездесуінде Ресейді 14:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Матч В тобында өтті. Ресей құрамасы бұған дейін Мажарстанды 11:1 есебімен сенімді түрде жеңген еді. Алайда Қазақстанға қарсы ойында ресейліктердің мүмкіндігі болмады.

А тобында Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Моңғолия құрамалары өнер көрсетеді. Турнир қожайындары әзірше екі жеңіске жетті. Олар бұған дейін моңғолдарды 12:1, ал өзбекстандықтарды 12:4 есебімен ұтқан.

Бүгін, 3 қыркүйекте, Қазақстан құрамасы қырғыз халқына тән, көкпарға ұқсас ат спорты — көкбөріден де жарыс жолына шығады.

Бұған дейін Нұрталап Керім мен Сайлау Мұхамеджан ат үстіндегі күрес — аударыспақтан жеңімпаз атанды.

Жарысқа әлемнің 112 елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр. Көшпенділер ойындары 6 қыркүйекке дейін жалғасады.