Қазақстанда 10-33 градус арасында жылы болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

4 қыркүйек, жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағының ықпалында болады. Соның әсерінен күн райы негізінен құрғақ әрі бұлтсыз болады.

Тек елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде +28...+33 °С, солтүстікте, шығыста және орталықта +23...+30 °С, оңтүстік-шығыста +20...+27 °С болады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ауа температурасы +10...+15 °С шамасында болады.