Қазақстанда демалыс күндері жаздағыдай жылы әрі негізінен құрғақ ауа райы сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
5-7 қыркүйек аралығында еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсері сақталады. Соның нәтижесінде жауын-шашынсыз, бұлтсыз ауа райы болады. Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.
Ең ыстық ауа райы оңтүстікте болады. Күндіз ауа температурасы +28…+37 градусқа дейін көтеріледі.
Батыста, солтүстікте және орталықта +25…+33 градус, шығыста +20…+25 градус аралығында болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +20…+30 градусқа дейін жетеді. Ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20 градус жылы болады.
4 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы жылы әрі құрғақ болды. Тек солтүстік-шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Қалған өңірлерде күндіз ауа температурасы +23…+33 градус аралығында болды.